Джон Рональд Руэль Толкиеннің 130 жылдығына орай үйірме сабағы ағылшын жазушысының өмірі және шығармашылығымен танысуға арналды. Сабақ барысында оқырмандар “Lord of the Rings”/”Сақиналардың иесі” трилогиясының жазылу тарихы, Hobbit/Хоббит сөзінің мағынасы, фэнтези мен фантастика жанрларының айырмашылығы туралы шығармалардың нақты және шынайы емес құбылыстарын немесе кейіпкерлерін сипаттау және түсіндіру арқылы білді. Нәтижесінде, балалар аттас фильмнің кейіпкерлерімен салыстырғанда кітаптың кейіпкерлері жеке көзқарастары бойынша қандай болуы мүмкін екендігі туралы өз пікірлерін айтып, бөлісе алды.Формасы: әдеби шолу.