Жинаққа автордың таңдалмалы әңгімелері мен ертегілері енгізілді.Тәтті балалық шақ қиялымен ғажайып суреттелген оқиғалар желісі қызықты әрі тартымды. Ауыл мен қала өмірі бейнеленген. Балалық бал дәуреннің уызы таңдайдан кетпеген балақандар да, ересек оқырмандар да ден қойып, көңіл бөліп оқи алатын дүниелер баршылық.