Елдік пен тұрақтылық тірегі

Елдік пен тұрақтылық тірегі

Қазақстан Республикасы Конституция Күніне арналған «Елдік пен тұрақтылық тірегі» атты кездесу өтті.

Шарада  ШҚО Әділет департаментінен Құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік қызмет көрсету бөлімінің бас маманы Сарсембаева Айгуль Болатовна «Конституция – қазақтың Ата Заңы» атты баяндама жасады. С. Аманжолов атындағы ШҚУ студенті Таңат Қасым    Отанға арнап шығарған өзінің өлеңін оқып беріп, қатысушыларды мерекемен құттықтады.

«Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің әдістемелік және консультативтік жұмыс жөніндегі сектор басшысы Ербол Бақытжан Ерболқызы жастарға  арналған бағдарламалар мен  жобалар жайында айтып,  жастардың жетістіктеріне тоқталды.  Онлайн кездесу соңында  сөз алған “Jas Otan” JQ  Өскемен қалалық филиалының төрағасы Айбота Шанжың биылғы жылы өзінің тәуелсіз дамуында 30 жылдық белесіне бара жатқан Қазақстан үшін дәйекті жастар саясаты әрқашан тән екенін атап айтты. 

Share