Бүгін кітапханада 25 қазан Қазақстан Республикасы күніне орай «Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі» КММ 2-сынып оқушыларымен «Елімнің болашағы менің қолымда» атты қарым-қатынас сағаты өткізілді. Шара Қазақстан Республикасының Әнұранымен басталды. Қатысушылар Отан туралы өлеңнің мазмұнын талдап, еліміздің рәміздері туралы сұрақтарға жауап берді. «Мен елімнің патриотымын» ойыны арқылы қазақ халқының ұлттық құндылықтарымен танысып, өз ойларын ортаға салды. Сиқырлы қобдишаның жұмбақтарын шешіп, пазлдар құрастырып, оны қорғау барысында еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін білдірді. Шара соңында «Микрофон» әдісі арқылы кішкентай оқырмандар болашақ армандарын айтып, өскенде еліне қосар үлесі туралы сұхбаттар берді.