Бүгін кітапханамызда Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығының» директоры Айдос Әділбекұлының қатысуымен «Елімнің болашағы өз қолымда» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Шараға ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «Шәкәрім атындағы №1 орта мектебінің» 8 сынып оқушылары қатысып, өз көкейлерінде жүрген сауалдарына жауап ала алды.