Ертегі ғаламшары

Ертегі ғаламшары

2 сәуір – Халықаралық балалар кітабы күніне орай кітапханадағы оқу академиясының мүшелерімен «Ертегі ғаламшары» атты мерекелік сағаты әсем әнмен басталды. Шара қатысушылары жасырынған жұмбақтар арқылы өздерінің сүйікті ертегі кейіпкерлерін табуға белсене қатысты. Балалар айға сапар шегу арқылы ғаламшар құпиясын ашып, ғарышкер болуды армандайтын қиялшыл балаға дос іздеуге көмектесті. Оқушылар шашыраңқы кітап көрмесі арқылы қызықты ертегілермен танысты. Ғаламшарға сапар шегуге серік болатын дос іздеген баланың жолына кездескен аюға саңырауқұлақ жинасып, қасқырдан аман құтылу үшін оны мақтады. Қорқақ қоянға сәбіз жинауға көмектесіп, түлкімен би биледі. Ғарышқа сапар шегуде дос іздеп, үйіне оралған балаға өзінің күшігі ғарышқа ұшуға келіседі. Қуанған балақайлар күшікпен доп ойнап, көңіл көтерді. Ертегіні сахналау кішкентай оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. Шара соңында ертегі кейіпкерлері балаларға айтулы күнге орай ең құнды сыйлық- кітаптарды сыйға тартты. Мерекеден балалар ерекше көңіл- күйде тарқасты.
Share

Пікір үстеу