Бүгін кітапханада Д.Серікбаев атындағы ШҚТУ-дың дайындық бөлімінің студенттерімен «Ертеңіңді бүгін ойла» тақырыбында сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған дөңгелек үстел өтті.
Шара барысында студенттерге жемқорлықтың мәні мен оның қоғамға тигізетін зияны туралы мазмұнды ақпарат беріліп, тақырыпқа қатысты бейнематериал ұсынылды. Сонымен қатар білім алушыларға түрлі ситуациялық жағдаяттар ұсынылып, олар өз көзқарастарын білдіріп, дұрыс шешім қабылдау жолдарын талқылады.
Жиын соңында қатысушылар тақырыпқа сай постерлер әзірлеп, өз жұмыстарын қорғады.



