Бүгін біздің сүйікті оқырмандарымыз еңбек күніне орай «Еңбек түбі береке» атты танымдық сабаққа қатысып, еңбектің адамзат өміріндегі маңызын, еңбек адамдарына құрметпен қарап, табиғатқа, мүлікке, басқаның еңбегін бағалау керектігі жайында білді.
«Еңбектің жемісі» атты викторина ойнатылып, мақал-мәтелдер айтылып, еңбек туралы жұмбақтар шешті.
Бұл шара оқушыларды еңбексүйгіштікке, шаруақорлыққа, іскерлікке, үнемді болуға, еңбекке сүйіспеншілікпен тәрбиелеуге ықпалын тигізері анық.