Бүгін кітапханада ұйымдастырылған «Жадында, жүрегінде, кітаптарда. В памяти, в сердце, в книгах» облыстық бір мезгілде дауыстап оқу акциясы Қасым Қайсеновтың қаһармандық жолына арналған шығармаларына арналды. Бұл шара партизан жауынгердің ерлігіне, оның елге деген адалдығы мен тарихтағы орнына құрмет көрсету мақсатында өткізілді. «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕ АҚ Жоғары колледж студенттері батырға арналған «Аға туралы сөз» шығармасынан үзінділер оқыды. Олар Қ.Қайсеновтың ерлігі мен ұлттық рухқа әсері туралы ойларымен бөлісті.