Шығыс Қазақстан жас жазушыларының бас қосуы мен Қарақат күніне ортақ не бар?
Барлығымызға белгілі 14 шілдеде Қарақат күні атап өтіледі. Бұл күні аталмыш өсімдікті отырғызуға, баптауға, күтім жасауға арналған шеберлік сағаттары, түрлі сайыстар өткізіледі… Сондай-ақ қарақаттың жидектері – денсаулыққа ең пайдалы.
Аталмыш күн қарсаңында Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында біздің өлкеміздің жазушылары мен ақындары жиналды, олардың арасында жас қаламгерлер мен тәжірибе жинақтаған қарымды, атақты авторлар көп болды. Басқосуда көптеген мәселелер қаралды, әрине сіз ойлағандай қарақат туралы емес))) қазақ әдебиетінің бүгінгі жағдайы, осы бағыттағы шешілмеген мәселелер және оның болашағы, балалар мен жеткіншектер арасындағы кітап оқудың пайдасы, оқуға тарту.
Кітапханада көп уақыттан бері «Көлеңке театры» атты тамаша жоба іске асырылып келеді, онда түрлі авторлардың шығармаларының желісі бойынша шағын қойылымдар жасалады. Сонымен қатар автордың өзінің ұсынысымен (Қалқаман Сарин) балаларға арналған «Щетка» өлеңіне қойылым дайындаған жұмыс тәжірибесі бар.
«Осындай бастамаларға басқа да авторларды неге тартпасқа?» – деген ой келді бізге. Сондықтан кітапхана қызметкерлері дастархан басындағы достық қарым-қатынаста (дастарханға қарақат тосабы, жаңа піскен жидектер қойылды) бұл идеяны қолдауды ұсынды.
«Бұл жерде қарақаттың қатысы қанша?» деген сұрақ туындауы мүмкін. «Қарақат – бұл жай ғана себеп болды деп жауап береміз біз. Уақытты тиімді өткізуге себеп, жаңа достар табуға себеп, олармен өз жоспарларымызбен бөлісуге және олардың жүректерінен жол тауып, пікірлерін білуге себеп. Егер жазушылар біздің осы бастамамызды қолдаса, біз өте қуаныштымыз. Мүмкін, біреу қарақат туралы өлең немесе әңгіме жазады, мен бұл кездесуді сағынышпен еске аламын)))