Жайлау күні

Жайлау күні

«…Табиғатпен тілдескен, төрт түлікпен бірге өскен» қазақ халқы – кең даламен тынысы бір халық. Наурыз мейрамын айрықша атап өту мақсатында 15 наурыз «Жайлау күні» деп бекітілген болатын. Бұл – табиғат анаға жанашырлық пен қамқорлық күні.
Айтулы күнде кітапхана қызметкерлері ШҚО білім басқармасы Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№45 бейімделген орта мектебі» КММ-ның 4 сынып оқушыларына арнап «Жасыл жайлау» мерекелік шарасын ұйымдастырды. Шараға қатысушылар табиғат тақырыбындағы мақал-мәтелдердің жалғасын, жұмбақтардың шешімін тауып, әртүрлі танымдық ойындар ойнады. Шара соңында кітапхана қызметкері наурыз айының он күндігі – Көрісу күні, Жайлау күні, Шежіре күні, Тарихқа тағзым күні, Игі істер күні, Шымырлық пен шеберлік күні, Зияткерлік күні, Ұлттық тағамдар күні, Ұлыстың ұлы күні жайлы мол ақпаратпен қоса, оқушылардың білім жолына сәттілік тілеп, бата берді.
Share