Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бес апта аралығында өтіп жатыр. Әр аптаның өзіндік тақырыбы мен нақты мақсаты бар. 21-27 сәуір аралығында «Жасыл аймақ» апталығы. Осыған орай ағымдағы жылдың 24 сәуір күні ШҚО мәдениет басқармасының Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында «Жасыл кеңістік – болашаққа салынған жол» атты шара ұйымдастырылды. Кітапхана ауласында 30-ға жуық көшет отырғызылды. Көшет отырғызу рәсіміне кітапханамыздың оқырмандары және табиғат жаңашырлары, кітапхана қызметкерлері қатысты.Шараның басталуы көркем билерімен бөлеген кітапхана қабырғасында құрылған «Керім-ай» би тобының бүлдіршіндерінің билерімен ашылып, жас кітапханашылардың флешмобымен жалғасты. «Жер ана» атты театрландырылған композициясы кітапхана аумағын абаттандыруға қатысушы оқырмандардың өз үлестерін қосуға ынталандырды. «- Біз бұл шараға үлкен жауапкершілікпен қатыстық. Егілген бұл ағаштар саялы баққа айналып, келешек ұрпаққа қызмет ететініне сенімдіміз»-деді белсенді кітапхана оқырманы Әли Ермекұлы.Экологияға байланысты тақырыптық кітап көрмеде табиғатты, оның байлығы мен алуан түрлілігін сақтаудың өмірлік қажеттілігі айтылды. Онда иллюстрацияланған энциклопедиялар мен басқа да ғылыми-көпшілік басылымдар ұсынылды.Көгалдандыру акциясы «Жер – біздің ортақ үйіміз» атты танымдық ойынмен аяқталды.
Экологиялық мәдениет қоғамның өзін-өзі тәрбиелеу, ұрпаққа қалдырған таза табиғат.