«Жауһар» әдби-сазды клубының «Тәуелсіз ұрпақтың ән-жыры» кеші

«Жауһар» әдби-сазды клубының «Тәуелсіз ұрпақтың ән-жыры» кеші

13 желтоқсан күні сағат           16:00-де «Жауһар» әдеби-сазды клубында  16-желтоқсан Азаттық мерекесіне арналған  «Тәуелсіз ұрпақтың ән-жыры» атты жылдық қорытынды кеш өтті. Өнерпаз өрендер мен қонақтар қатар отырып көрермен болды. Ақбота Амангелдинова, Нұрай Нұрбекқызы, Жібек Ақмырзаева секілді жас ұстаздар, жезтаңдай әншілер ән шырқап, Әли Ермекұлы өз шығармашылығынан өлең оқыды. Нұрболат Алпамыстегі сазды гитараның сырлы әуенін шертті, Расул Идаятов домбырадан күмбірлетіп күй төкті. Ернат Нұржанұлы ұмытылып бара жатқан көне аспаптардың бірі сазсырнайда ойнап, Аян Қалымбек пен Шерхан Мұстафа күй тартысып өнер көрсетті.

Жылы да шырайлы, нәзік те көркем отырыстың барлық қатысушылары фуршет үстеліне қойылған бауырсақ пен құрттан алып, ыстық кофе мен шәй ішіп, емін-еркін, емен-жарқын атмосфераны қалыптастырды. Ашық микрофон айдарында көрермендер де сахнаға шығып өлең оқып, караоке шырқап, гитараның сүйемелдеуімен жанды дауыста ән айтты.

«Жауһардың» жаңа жылдағы жаңаша жобаларында жүздескенше деген ізгі тілекпен тарқасты.

                                                                                                 

Share