Наурызнама он күндігінің әр күніне ерекше мән берілген. 19 наурыз «Жаңару күні» табиғаттың құлпыруын, еліміздің және әр Қазақстан тұрғынының жаңа өмір кезеңінің басталуын білдіреді.
Біздің сүйікті оқырмандарымызға арналған «Наурыз – жаңару мейрамы» атты кітап көрмесі осы күнге арналды. Балалар Наурыз мерекесін тойлаудың салт-дәстүрін толықтай түсіндіретін жарқын иллюстрациялық кітаптармен танысты. Әсіресе, оқырмандардың назарына «Қош келдің, Наурыз!» кітабы ұсынылды, онда қазақ әдебиеті классиктерінің – М.Мақатаевтың, С. Тұрғынбаевтың және басқа да ақын-жазушылардың өлеңдері мен шығармалары жиналған.
Д.Джумагальдинованың «Дарите улыбку», Б.Космовскаяның «Чудесные травы», Қ. Төреғожының «Қызыл алма» атты шығармалары да оқырмандардың қызығушылықтарын тудырды.
Қатысушылар өз өнерлерін көрсетіп, Наурыз туралы өлеңдерді жатқа айтты. Балалар бір-біріне жылы тілектерін білдіріп, «Жаңару күні» не үшін арналғанын естеріне салды.
Іс шара достық атмосферада аяқталды.