«Желқанат – даланың серігі» атты итбегілік шара

«Желқанат – даланың серігі» атты итбегілік шара

Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасында қазақ халқының ежелден келе жатқан асыл қазынасының бірі – тазы мен төбетке арналған «Желқанат – даланың серігі» атты итбегілік шарасы ұйымдастырылды.

Қырағы төбет пен жүйрік тазыны баптап, қансонарға қосқан нағыз итбегілер мен құсбегілер – Манай Мамырхан, Мамырхан Абудурашид, Қалымбек Нұрасыл, Қайрат Дюсимбинов, Хайтжанов Архат өздерінің тазы-төбеттерін, бүркіттерін баптау сырларымен және жарысқа дайындау әдістерімен оқырмандармен бөлісті.

Ұлттық құндылықтарды дәріптеген бұл шарада арнайы кітап көрмесі  қойылды. Онда тазы мен төбеттің әртүрлі тұқымдары, қазақтың аңшылық өнері жайлы әдебиеттер мен тарихи деректер таныстырылды.

 

Share