Жел жайқалтқан сәмбі тал

Грэм, К. Жел жайқалтқан сәмбі тал : ертегі-хикаят / К. Грэм. – Нұр-Сұлтан : Фолиант, 2022. – 184 б. – (Шытырман оқиғалар).

 

Шотланд жазушысы Кеннет Грэмдің «Жел жайқалтқан сәмбі тал» повесі 20 ғасырдың басында жазылып, тез танымал болды. Шуақты көктем келіп, Жер-Ана дүр сілкінген кезді барлық тіршілік иелері ерекше жақсы көреді. Кітаптың басты кейіпкері Көртышқан да көктем иісін сезіп, үйреншікті мекенінен сыртқа, жер бетіне шығады. Сөйтіп, оның жаңа кездесулер мен шытырман оқиғаларға толы қызықты өмірі басталады. Аңдар арасындағы достық, олардың тіршілік үшін күресі, табиғаттың біз біле бермейтін сырлары – бәрі-бәрі осы ертегіде баяндалған. Уақытыңды бос өткізіп, келеңсіз оқиғаларға ұрынбас үшін Құрбақаның қателіктерінен сабақ алыңыз деген ой астарлап жеткізіледі. Хикаятты оқи отырып, Борсықтың даналығына сүйсініп, Рэт ағайдың адалдығынан үлгі алып, Көртышқанның аңқаулығына кешіріммен қараңыз.

Share