Жолдау

Жолдау

1 қыркүйекте  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты Жолдауын жариялады. Жолдауда осыған дейін жүзеге асқан дүниелер айтылып, алға жаңа мақсат-міндеттер қойылды. Осы орайда Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы жаңа Жолдауға қатысты  жастардың тұшымды ойларын білуге ашық диалог алаңын өткізді.

Іс-шараға ШҚО Ішкі саясат басқармасының “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің маманы Досмухамбетова Еркежан Бақытжанқызы, «Jas Otan» JQ  Өскемен қалалық филиалының төрағасы Айбота Шанжың, Өскемен қаласы әкімдігінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің орталығының маманы Бақытбекова Еркежан Бақытбекқызы, “Nur Otan” партиясы Өскемен қалалық филиалы жанындағы  Жастар кеңесі төрағасының орынбасары Джакишев Алмаз Ажибекович және жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті студентері қатысты.

Жастарды  мемлекет тарапынан жасалып отырған әрбір көмек жігерлендіре түседі. Ашық диалог алаңға қатысушы жастар еліміздің дамуы мен жаңаруы жолында бар күш жігерілерін сала отырып, оқу оқып, еңбек ету біздің басты парызымыз санаймыз деп тарқасты.

 Ел президенті өз жолдауының түйіні ретінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының «Білімді болуға оқу керек. Бай болуға кәсіп керек. Күшті болуға бірлік керек. Осы керектердің жолында жұмыс істеу керек», деген даналық сөзімен бекітті. Қазіргідей жаңарған жаңа заманда еліміздің әрбір азаматы жоғары білім мен табанды еңбектің нәтижесінде ғана биік белестерден көрінетіні ашық жеткізді. Ел азаматтарын, отанымыздың алдында адал қызмет етуге, абыройлы іс жасауға, терең білім алып, ерінбей еңбек етуге шақырды.

Share