Жоғалғандардың жан сыры

Дьячковская, Нина. Жоғалғандардың жан сыры : хикаят / Н. Дьячковская ; ауд. С. Қамшыгер. – Алматы : Шабыт, 2023. – 132 б. 

Өмірде шын болған оқиғалардың негізінде жазылған бұл хикаят XX ғасырдың 90-жылдары тағдырдың жазуымен Якутиядан Өзбекстанға келген бас кейіпкер Майя мен оның екі ұлының бақыт үшін күресі, өмір үшін ұмтылысын баяндайды. Бүгінде Якутиядағы ең белді, беделді адамдардың қатарындағы кітаптың екі кейіпкері қиын кезеңдерден өте біліп, ерте есейіп, Орта Азиядан өз еліне жету үшін қайрат қылған. Өмірдің ыстық шөлінде, жырақта жалғыз қалған панасыз ана – Майя екі ұлына ие бола ала ма, тіршілік үшін күресте күш-қуаты жете ме, еліне аман-есен жете ала ма? Бұл сұрақтарға кітапты оқыған жан жауап табады.

Share