«Шоқан Уәлиханов атындағы №3 мектеп – лицейі» КММ 9 сынып оқушыларымен өткізілген Жамбыл Жабаевқа арналған ашық сабақ аясында кітапхана қызметкерлері « Жыр алыбы – Жамбыл » атты кітап көрмесін ұйымдастырды. Кітап көрмесі оқушыларды қазақ әдебиетінде есімі алтын әріппен жазылған ақынның шығармашылығымен таныстырды. Оқушылар артына мол әдеби мұра қалдырған Ж.Жабаевтың шығармалары бірнеше тілге аударылып, бүгінде бүкіл әлемге танымал екендігі туралы ақпараттар алды. Кітапхана қызметкерлері ақынның патриоттық сезімге толы жалынды жырларынан үзінділер, ақын туралы танымал тұлғалардың айтқан сөздерін оқыды. Жазушы Мұхтар Әуезовтың өз заманының әлеуметтік мәселелерін көтерген халық ақыны туралы ойы көпшіліктің назарына ұсынылды. Н.Төреқұловтың «Жамбыл менің жай атым», «Жамбыл мен Кенен» атты Жамбылдың көзін көрген ақын жазушылардың естеліктерімен қатар, «Жамбыл» әдеби – көпшілік танымдық журналы таныстырылды.