Жігітке жеті өнерде аз

Жігітке жеті өнерде аз

Балалар және жасөспірімдер кітап апталығы аясында сыршыл жырды жандарына серік еткен, ақын Дәулетберді Жекейұлы, жазушы Әділ Әуезхан және айтыскер ақын Аян Қалымбек кітапхана оқырмандарымен жүздесіп, арқа-жарқа боп қалды.

Сөзден бұрын сәлем демекші келелі кездесу кеші ерекше форматтағы сәлемдесумен басталып, әрі қалай сүбелі сұхбатқа ұласты. Шығармашылық кездесу барысында Дәулетберді Жекейұлы оқырмандарға жырдан шашу шашса, прозаның тұп-тынық әлемінен сыр шеткен Әділ Жанболатұлы кітап оқудың өмірдегі маңыздылығын айтып өтсе, Аян Қалымбек жүрекжарды арнауын арнап, көрерменнің көңілін бір серпілтіп тастады.

«Жігітке жеті өнерде аз» екендігін дәлелдеп, өздерінің «сегіз қырлы бір сырлы» екендіктерін бүгінгі біздің кейіпкерлеріміз «Тапқырлық таныт!», «Иә, жоқ», «Менің Өскеменім» ойындарын ойнау барысында көрсете білді.

Өздеріне берілген әртүрлі заттардың атауын қолдана отырып, сол мезетте бірі көрермендерге қызықты өлең жолдарын арнаса, енді бірі қысқа әңгімесімен баурай білді.Айтыс өнеріне қызығушылық танытқан оқырмандар өз сұрақтарына қанағаттанарлық жауап ала отырып, Ақынгелді есімімен көпшілікке танылған Аян Қалымбекпен бірге қайым айтысқа да қызыға қатысты. Ерекше кешке куә болған шара қатысушылары өз ризашылықтарын білдіріп, көңілді тарқасты.

Share