«Зорлық-зомбылықсыз қоғам» дөңгелек үстел

«Зорлық-зомбылықсыз қоғам» дөңгелек үстел

5 қарашада БҰҰ-ның 1999 жылы қабылдаған шешімі бойынша әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жоюдың халықаралық күні атап өтіледі. Осы күні гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді іс-қимылдар басталады, олар 10 желтоқсанда, Адам құқықтары күнімен аяқталады.
Соған байланысты, 26 қараша күні Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасындағы жастар орталығында «Зорлық-зомбылықсыз қоғам» атты дөңгелек үстел өтті.
Оған Шығыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшесі Шығыс Қазақстан облысының талдау және болжау институтының жетекшісі Ашимова Аяужан Тұрсынбековна келіп қатысты.
Дөңгелек үстелдің мақсаты әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесін талқылау ғана емес, сонымен қатар осы жағымсыз құбылысқа қарсы тұра алатын саналы қоғамды қалыптастыру.
Шарада әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық мәселесін шешуде қоғамның бірлескен күш-жігерінің маңыздылығы атап өтілді.
Share