Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел

Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел

Бүгін «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамда зорлық-зомбылықтың кез келген түріне төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру, адам құқықтарын қорғау бағытындағы түсінікті кеңейту және қауіпсіз әлеуметтік орта құру мәселелерін талқылау болды.

 Шара барысында қатысушылар зорлық-зомбылықтың алдын алу жолдарын, оның әлеуметтік, құқықтық және психологиялық салдарын жан-жақты қарастырды. Сонымен қатар отбасы мен қоғамдағы тәрбиенің рөлі, балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпті жағдайдың алдын алу механизмдері жөнінде пікір алмасты.

Іс-шараның спикері – Полиция департаменті Қоғамдық қауіпсіздік басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Куанышбаева Альмира Тулегеновна қатысушыларға зорлық-зомбылықтың құқықтық аспектілері, оның түрлері және оларды анықтау белгілері туралы мазмұнды ақпарат берді. Ол өз сөзінде құқық қорғау органдарының атқаратын қызметі, құқықбұзушылықтың алдын алу шаралары және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жайында нақты деректер келтірді. Сондай-ақ спикер қатысушылардың сұрақтарына мұқият жауап беріп, пайдалы тәжірибелік кеңестер ұсынды.

Share