Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы «шығармашылық туризм» санатына жатқызуға болатын «Иммерсивті серуендер» инновациялық жобасын жүзеге асыруда. Жобаның мақсаты – көрермендердің (қойылымға қатысушылардың) бос уақытын танымдық және пайдалы өткізуге ынталандыру, оларды қаланың мәдени-тарихи көрікті жерлерімен, өлке авторларының еңбектерімен таныстыру. Экскурсиялар мен серуендер алдын ала жоспарланған маршрут бойынша өтеді. Бір шараға 15 адамға дейін қатысады. Театрландырылған серуеннің ұзақтығы 1,5-2 сағат, маршруттың ұзындығы 5 км-ге дейін. Бұл жоба «ЖАС КІТАПХАНА 2023: ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР УАҚЫТЫ» жастар форумы аясында өткен республикалық байқауда гран-приді жеңіп алды.
Мақсаты: Өлкеміздің табиғатына иммерсивті саяхат жасап, кітапхана қорындағы кітаптарды оқырмандарға таныстыру.
Міндеттері:
- заманауи техниканы пайдалана отырып, оқырманды тарту
- құлаққаппен әсерлі іс-шара жүргізу
- өлкеміздің көркем жерлерімен таныстыру
- әлем әдебиеті мен қазақстандық ақын жазушылардың жазған кітаптарын насихаттау
30.08.2025
Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына және Өскемен қаласының күніне орай Арбатта ашық аспан астында Шығыс Қазақстан облысының мәдениет басқармасының бастамасымен Shygys Book Fest-2025 кітап фестивалі ерекше тылсыммен өтті.
Шара қала кеңістігін ауқымды кітап жәрмеңкесіне айналдырып, жаңа басылымдарды таныстырумен қатар, оқырмандарға авторлармен тікелей жүздесіп, шығармашылық әңгімелерге қатысуға жол ашты. Бұл ерекше шара кітапті сүйетін қауым үшін нағыз мерекеге айналды.
Ауқымды мәдени шарада жас оқырмандар үшін «Балалық кеңістігі» локациясында әдеби ойындар, викториналар, байқаулар, иммерсивті серуен,сурет салу, қолөнер, шығармашылық ойлау дағдыларын дамытатын әртүрлі шеберлік сағаттар ұйымдастырылды.
«Сөзбен жүректі тербетеміз. Обнимает словом книга» атты кітап көрмесі өткеннің, бүгіннің және болашақтың арасындағы шынайы диалог алаңына айналды. Көрме құқықтық, мәдени және әдеби бағыттарды тоғыстырған үш негізгі бөлімнен тұрды: Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығы, Қала күні және «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы.
«Өскеменім, өр кескен елім!» атты иммерсивті серуен барысында ересектер де, балалар да өткен күннің атмосферасына еніп, тарихтың рухын сезінді.
Shygys Book Fest-2025 кітап фестивалі қаланың мәдени өмірінің маңызды бөлігіне айналуына, әдебиет, өнер мен қоғамды біріктіруіне ықпал етті.
https://www.instagram.com/reel/DN-grprDQI7/?igsh=bDc1Y28yNzV3Zzhh
24.09.2025
24 қыркүйек күні Абай – қазақтың мәңгілік рухани шамшырағы, сөзі – ғибрат, ойы – терең дария.
«Оқырман» жастар клубының жастары @shqolibrary.kz ШҚО балалар және жасөспірімдер кітапханасының ұйымдастыруымен өткен «Абайды оқы, таңырқа…» атты иммерсивті серуенде төбе көрсетіп қайтты. Клуб жастары өткізілген жиынның жаңа форматына өз тамсаныстарын білдіре отыра, белсенді қатысушылық танытты. Құлақтан кіріп,бойды алар терапия сынды өткізілген жиын барысында клуб мүшелері өздеріне берілген сауалдар төңірегінде ой сараптап қайтты.
Бойлаған сайын тереңдей түсетін хакім Абайдың философиясына қанық болған клуб жастары үшін бұл жиын ұлы ойшылдың әлемін кеңінен тану барысындағы тағы бір үлкен қадам болды. Данышпан Абайдың өлеңдері, қарасөздері,аудармалары сынды шығармалары тілге тиек болып, әр туындының қазақ жастарына берері қаншалықты мол екендігін түйсіне қайтты.
https://www.instagram.com/reel/DO_XOniiM6U/?igsh=OXQ4Y3FuOWd2Z3B3