Коллоквиум

Коллоквиум

Көркемдік ойлаудың ұлттық ерекшеліктері негізінде қалыптасқан әр халықтың әдеби дәстүрі – бір кезең, бір дәуір емес, ұзақ ғасырлар тудырған, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, үнемі өзгеріп, дамып отыратын рухани игілік. Жастар арасындағы коллоквиумда дәстүр мен жаңашылдық, өнерде ұлттық ерекшелікті сақтай отырып, жаңа заманның талап-тілегіне сай келу қағидасын жастар ортаға салды. Шараға арнайы шақырылған қонақтар өнерлі жас, жастар маслихатының депутаты, С.Аманжолов атындағы ШҚУ Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының түлегі, «Жәдігер» домбыра клубының негізін салушы, 21 ғасыр сал-серісі Аян Қалымбек және  «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» Жастар қанатының Өскемен қаласы филиалының төрағасы, инстаграм әлеуметтік желісінде Ұлы ақын Абай Құнанбаевқа арнап парақша ашып, миллион оқырман жинаған, қазақтың мақтанышы Димаш Құдайбергенов өзі жазылған парақша иесі Джакишев Алмаз қатысып, өз ойларын ортаға салып, қатысушылармен пікір алысты.

Share

Пікір үстеу