Бүгін кітапхана қызметкерлері еркін күрес, дзю-до және самбодан КСРО спорт шебері Жексен Икамбаевпен кездесу ұйымдастырды. Шара барысында атақты палуан жас спортшыларға өзінің ұзақ жылғы күрес тәжірибесі жайлы ой толғап, жеңімпаз атанған сәулелі сәттері жайлы баяндап, спорттың дене саулығы үшін зор пайдасы жайлы пікірімен бөлісті. Сондай-ақ күреске қатысып жүрген жас палуандар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды. Шара соңында кітапхана қызметкерлері палуанға бүгінгі кездесу сәттерінен естелік ретінде фотосуреттерден құрастырылған коллажды сыйға тартты.