«Ас – адамның арқауы» “Hunger is the best spice”  

«Ас – адамның арқауы» “Hunger is the best spice”  

«Play and learn English» үйірмесі шеңберіндегі іс-шара салауатты өмір салты мен дұрыс тамақтануға арналды. Балалар мультимедиялық презентация арқылы ағылшын тіліндегі азық түлік пен тағамдар түрлерінің атауларын еске түсірді және қайталады. Ал бұл істе оларға әрқашан дәмді тамақтанғанды жақсы көретін сүйікті ертегі кейіпкері Винни пух көмектесті. Әрі қарай, оқырмандар тамақ туралы сөздерді, мақал-мәтелдерді білуде бәсекеге түсе алды. «Best choice»/«Үздік таңдау» ойынында оқырмандар берілген суреттерді пайдалы және зиянды тағамдар түрлеріне бөліп, оларды ағылшын тіліндегі атауларын атап көрді. Сонымен қатар, жас ағылшын әуесқойларына Винни Пух туралы мультфильмінің үзіндісі көрсетілді, және олар тамақтанудың адам денсаулығына пайдасы туралы өз ойларын білдіруге мүмкіндіктері болды. Сондай-ақ, балалар «Let’ s have some rest» ойынында жаңа сөздер мен сөз тіркестерін тамақ/сусын/жеміс-көкөніс санаттары бойынша ағылшын сөздеріне қол шапалақтап, аяқтарымен топылдап немесе бастарын бұрып бекітті. Сабақ соңында балалар өздерінің сүйікті тағамдары туралы ағылшын тілінде айта алады.

 

Share