“Кітаппен бірге өсеміз!” бағдарламасы аясында «Жақсылық пен жамандық» атты ертегі бойынша үзіліспен оқу

“Кітаппен бірге өсеміз!” бағдарламасы аясында «Жақсылық пен жамандық» атты ертегі бойынша үзіліспен оқу

Кітапханада №43 мектептің 2-сынып оқушыларымен “Кітаппен бірге өсеміз!” бағдарламасы аясында «Жақсылық пен жамандық» атты ертегі бойынша үзіліспен оқу өткізілді. “Жылы алақан” сәлемдесуден басталған шара барысында балалар өздері оқыған ертегілерімен бөлісті. Көпшілікке танымал болған қазақ ертегісін үзіліспен оқып, оның мазмұны бойынша сұрақтарға жауап берді, «Жақсылық ағашы» және тағы да басқа тапсырмаларды орындады. Бұл ертегі қатысушыларды адалдық пен әділдікке баулып, еңбектің қадірін танытып, мейірімділік пен кешірімділікке шақырады.. Шараның мақсаты адам бойындағы ұнамды, ұнамсыз мінез-құлықтарды ажырата отырып, әдеп әліппесін оқушылардың бойына дарыту. Адамгершілік пен ізгілікке тәрбиелейтін, моральдық құндылықтарды дәріптейтін халық даналығының көрінісімен таныстыру.
Шара соңы «Жақсылық тізбегі» шаттық шеңберімен аяқталды.
Share