«Кітаппен дос бол» дөңгелек үстел

«Кітаппен дос бол» дөңгелек үстел

Кітапхана қызметкерлері «Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі» КММ жатақханасы студенттеріне «Кітаппен дос бол» атты дөңгелек үстел өткізді. Аталмыш шара аясында жас ақындардың шығармалары ұсынылған «Жырласа жастар жырласын» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар ақындардың шығармашылығымен танысып, М. Мыса, Т.Толқынқызының өлеңге жазылған әндерін тыңдады, поэзияға деген қызығушылығын арттырды. Сонымен қатар ШҚМТУ 1 курс студенті Желдібаев Ерсін, 2 курс студенті Кеңесбеков Мейіржан өздерінің сүйікті ақындарының өлеңдерін оқыды.

Share