Кітапхана қызметкерлері «Азамат» балабақшасында болып, балдырғандардың кітапқа деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Кітаптағы сырлы әлем» атты кітап көрмесін ұсынды.
Кітап көрмесін ұйымдастырудың негізгі мақсаты кітаптың құндылығын, білімнің негізі кітапта екендігін ұғындыру. Бүлдіршіндер түрлі форматтағы кітаптармен таныса отырып, ертегі кейіпкерлерін естеріне түсірді. Сондай-ақ ата-аналарымен бірлесе оқыған, білетін ертегілері туралы айтып берді. Ертегіден алынған үзіндіні тыңдай отырып, жақсылық пен жамандықты, әділдікті ажыратуға тырысты. Берілген суреттерден кейіпкердің қай ертегіден алынғанын атады. Шара көңілді ойындармен жалғасын тапты.