«Кітапты сүйіп, көңілге түйіп оқы» оқу сағаты

«Кітапты сүйіп, көңілге түйіп оқы» оқу сағаты

Балалар және жасөспірімдер кітаптарының апталығы аясында №43 орта мектебінің 3-сынып оқушыларымен «Кітапты сүйіп, көңілге түйіп оқы» атты оқу сағаты өтті. Шара барысында оқушыларға халық ауыз әдебиетінің бір түрі ертегі туралы түсінік берілді.
Қатысушылар «Кітапты оқудың адамға тигізер пайдасы қандай?» бейнеролигін тамашалап «сұрақ-жауап» арқылы өз пікірлерін білдірді. «Кітап – менің досым» тапсырмасында оқушылар кітап көрмесінің көмегімен кейіпкерлер сипатталған кітаптарды тауып, қай ертегіден екенін анықтап естеріне түсірді. Ал «Мемори» ойыны балаларды тапқырлыққа сынаса, «Әріпті қолғаптар» тапсырмасы қатысушылардың сөздік қорын, ойлау қабілетін дамытуға бағытталды. Шара ойын арқылы оқуға тартуға, танымдық қызығушылықтарын дамытуға ықпал етеді.
Share