Кітапханада «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені»

Кітапханада «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені»

Кітапханада «Дарынды балаларға арналған валеологиялық мамандандырылған мектеп-кешені» КММ 3 «Ә» сынып оқушыларына «Денсаулық – байлығымыз» атты тренинг өтті. Оқушыларға денсаулықтың маңызын ұғындыру, салауатты өмір салтын ұстануға баулу, зиянды әрекеттерден аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында ақпараттар берілді.
Қатысушылардың назарына денсаулық сақтау жолдары баяндалған қысқаша бейнебаян ұсынылды. Сонымен қатар жеке бас тазалығын және күн тәртібін дұрыс сақтау дағдысын қалыптастыру туралы ойларын білдірді. Салауатты өмір салтына байланысты сұрақтар қойылып, «Қозғалыс іздеу», «Салауатты таңдау» қызықты ойындары ұйымдастырылды.
Шара тәрбиелік және ақпараттық жағынан тиімді болды.
Мұндай шараларды жүйелі түрде ұйымдастыру оқушылардың салауатты өмірге деген қызығушылығын арттырады.
 
Share