Кітапханада «Чудо детки» балаларды дамыту студиясының кезекті шарасы өткізілді. Сәлемдесуден басталған шара, өз эмоцияларын білдіруге, топпен жұмыс жасауға, сонымен қатар баланың сенсорлық қабілеттерін дамытуға арналған нейрожаттығулармен жалғасын тапты.
Әр сезім мүшесіне арналған нейрожаттығулар мидың жұмысын жақсартуға және жүйке жүйесін сергітуге, когнитивті дағдыларды дамытуға, сондай-ақ күнделікті өмірде сезімдерін тереңірек түсінуге көмектеседі. Шара барысында балалар жақсы жұмыс нәтижесін көрсете алды.