Сәлемдесуден басталған шара қызықты дамыту жаттығуларымен жалғасын тапты. Шара барысында балалардың нейрологиялық, когнитивтік, эмоционалдық дамуын қолдау мақсатында тапсырмалар ұсынылды. Бала өз саусақтарын қаншалықты басқара алса, оның одан әрі дамуы да соған тікелей байланысты. Осыған байланысты «Құм терапиясы», «Нейро ойын», «Қыстырғыштар» сияқты тапсырмалар және де балалардың физикалық белсенділіктерін арттырып, көңіл-күйін көтеру үшін сергіту сәті орындалды.
