«Кітапхана+театр» жобасы

Сіздерді өнер мен білімнің бірегей тоғысуына «Кітапхана+театр» жобасына  шақырамыз.Театр сахнасында кәсіби актерлердің керемет қойылымын тамашалай отырып, Сіздер әр кейіпкердің әлемін бойлап отырып, эмоциялар мен ой толқынына енесіздер.Сонымен қатар, кітапханамыз Сіздерге арнайы кітап көрмесін ұсынады. Бұл көрме қойылымдағы тақырыптармен үндесіп, оқырмандарға жаңа әдебиеттермен танысуға, ой-өрістерін кеңейтуге және шығармашылық шабыт алуға мүмкіндік береді.

Кітап пен театр – бір-бірін толықтыратын тамаша серіктестер. Оқыңыздар, тамашалаңыздар, шабыт алыңыздар!

Кітапхана мен театр әлемі – білім мен өнердің бір арнада тоғысуы!

09.11.2025

«Кітапхана + театр» жобасы аясында кітапхана ұжымы сахна мен кітап сиқыры тоғысқан әсерлі күн өткізді. Театр төрінде қойылған «Құмырсқалар, аралар – қиыспас дос, құдалар» атты көңілді қойылым көрермендердің көңілінен шықты. Кітапханашылар арнайы дайындаған ертегілер мен шытырман оқиғаларға арналған көрме көрермендерді кітап әлемінің ғажайып иірімдеріне жетеледі. Балалар құмырсқалар мен аралар туралы қызықты ертегілермен танысып, сахнадағы кейіпкерлермен бірге қиял әлеміне саяхат жасады. Шара соңында күлкі мен шаттыққа толы естеліктер сақталып, балалар сүйікті кейіпкерлерімен суретке түсіп, тамаша әсермен тарқасты.

19.10.2025

Share