Кітапханаға саяхат

Кітапханаға саяхат

Бүгін С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» факультетінің 3 курс студенттері жетекшісі педагогика ғылымдарының кандидаты, ассоц. профессор Бенеш Наталья Ивановнамен бірге кітапханада қонақта болды.
Студенттер кітапхана мамандарына өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әр құрылымдық бөлімшелердің атқаратын қызметі туралы ақпараттар алды. Сондай-ақ қонақтар кітапханаға жаңадан келіп түскен кітаптардың абонементтерге жеткізілуіне дейін барлығына қызығушылық танытты, кішкентай оқырмандарды тарту бойынша жұмыс, оқуды дамыту бойынша жобалар мен бағдарламаларға ерекше назар аударды. Кездесу соңында біздің қонақтар өз ісін сүйетін белсенді, креативті және позитивті мамандар жұмыс істейтін кітапхана қызметі туралы өз пікірлерін толығымен өзгерткендерін атап айтты.
30 мамырда студенттер кітапхана оқырмандары үшін А.С.Пушкиннің 225-жылдығына арналған шара өткізеді.

Share