«Кітапхана – білімпаздар мекені» практикалық сабақ

«Кітапхана – білімпаздар мекені» практикалық сабақ

Кітапхана қызметкерлері бастауыш сынып мұғалімдерімен «Кітапхана – білімпаздар мекені» атты практикалық сабақ ұйымдастырды. Онда ұстаздарға өлкетану жазушыларының шығармаларын сабақта қолдану тәсілдері ұсынылды. Мұғалімдер «Лэпбук» технологиясымен танысып, Ш.Елеукеновтің «Мұратжанның қазақшасы», Д.Әшімханұлының «Күшік», С.Құсанбаевтың «Көршілер», Н.Ақыштың «Бұл баладан ештеңе шықпайды», А.Алтайдың «Сарытау серісі» әңгімелері бойынша Лэпбук жасап, қорғады. Әр топ өздеріне берілген шығарманың бала тәрбиесіндегі құндылығы жайлы қорытындыларын ортаға салды.

Share