«Кітапхана + театр» жобасы жалғасуда!

«Кітапхана + театр» жобасы жалғасуда!

Облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрында қонақта болды. Қала тұрғындары мен кішкентай көрермендерге арналған «Алтын балапан» атты тамаша ертегі қойылымы үлкен қызығушылықпен қабылданды 
Шара аясында кітапхана ұжымы дайындаған «Ертегіге саяхат» атты кітап көрмесі көрермендерге ерекше әсер қалдырды. Көрмеде балалар әдебиетінің үздік шығармалары, тәрбиелік мәні зор ертегілер мен түрлі-түсті журналдар ұсынылды.
Кішкентай оқырмандар өздеріне ұнаған кітаптармен танысып, «Балапан» журналын сыйлық ретінде алды.
Бұл жоба – балалардың шығармашылық қабілетін дамытып, кітап пен театр өнерін біріктіре отырып, олардың рухани әлемін байытуға бағытталған.
Share