Жерлесіміз, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қазақ поэзиясында өзіндік өрнегі мен қолтаңбасы бар көрнекті ақын, биыл өткен «100 кітап» жалпыұлттық сауалнамасының қорытынды тізіміне енген Гүлнар Салықбайдың «Аспандағы аңсарым» жинағы келіп түсті. Сондай-ақ ақын, азғантай ғұмырында көркем мінезді болмысымен, отты жырларымен алты Алаштың ардақтысына айналған Нұрлан Мәукенұлының «Қиқулап ұшқан қызғышым» жинағы алыстағы Алматыдан, «Абай» баспасынан келіп, кітапханамыздың төрінен орын алды.
Тағы бір қуаныш – қазақ прозасының көрнекті өкілі, жерлесіміз, Күршім өңірінің тумасы, «Сұлу әлемнің суретшісі», «Тұмадай тұнық Талаптан» атанған Талаптан Ахметжан туралы жазылған «Таңғажайып Талаптан» естеліктер жинағы. Бұл жинаққа қаламгердің әріптестері, дос-жарандары мен жақын туыстары жазған жылы да жүрекжарды естеліктер енген.
Аталмыш кітаптарды оқимын десеңіз, біздің кітапханамызға келіңіз!