Кітапхана қызметкерлері Халықаралық мүгедектер күніне орай кітапхананың акт залында мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап мерекелік шара өткізді. Шара барысында кітапхана қызметкерлерімен бірге мүгедек жандар да өз өнерлерін көрсетті. Айтыскер ақын, «Айтыс ақыны және жыршы термешілердің халықаралық одағының мүшесі», республикалық, халықаралық айтыстардың жүлдегері А. Рашатұлы өзінің жылы лебізін білдіріп, ән шашуын арнады. Өскемен қаласы әкімдігінің «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы» КММ-дан келген қонақтар ән шырқады. Мерекелік шара соңында барлық өнерпазға бағалы сыйлықтар мен тәттілер таратылды.
