«Кітапхана  – өлкетану мәдениетін тәрбиелеу кеңістігі» атты семинар-практикум

«Кітапхана  – өлкетану мәдениетін тәрбиелеу кеңістігі» атты семинар-практикум

Бүгінгі  «Кітапхана  – өлкетану мәдениетін тәрбиелеу кеңістігі»  атты семинар-практикумға қала мектептерінің кітапханашылары және аудандық  кітапханалардан әріптестеріміз қатысты.

Семинар барысында «Өлкетану жұмысы – кітапхана қызметінің басым бағыты» тақырыбында  өлкетану калейдоскобы өткізілді. Қатысушыларға  4 бағытта (табиғаттану, тарих, әдеби және мәдени бағыттар) жұмыс жасап отырған орталықтың  жұмысынан ақпараттар берілді. Атап айтсақ: табиғаттану бағыты аясында құрылған «Алтай суретшілер көзімен» айдарында талантты суретшілер таныстырылып, олармен шеберлік сағаттары өткізілгені жайында айтылса,  тарихи бағыты бойынша ғалым-археолог Зейнолла Самашевтың ғылыми-экспедициялық жұмыстарымен танысты.  Кітапханалық туризм бойынша бейнероликтер көрсетілді. Әдеби бағытта жүргізілген «Алғашқы беттерден…», «Авторский профиль», «Тамаша адамдар өмірінен» т.б   айдарлар туралы ақпараттар беріліп,  мәдени бағыт бойынша: «Ғасырлар қазынасының шежіресі», «Ғасырлар пернесі» рубрикаларына түсінік берілді. Аталып өтілген бағыттағы жұмыстар аясында Назила Слямқызының «Қош бол, қиындық! Өз-өзін жеңу майданы» кітабы бойынша  сабақ-практикум  өткізілді.  Сонымен қатар, Әлібек Асқаровтың  «АЛТАЙДА АЛТЫН КҮЗ ЕДІ» атты шығармасының желісі бойынша иммерсивті серуен ұйымдастырылып,  заманауи құлаққаптың көмегі арқылы қатысушыларға қойылымның басты кейіпкері болуға мүмкіндік берілді. 

Кітапхана жұмысында жаңа технологиялармен қатар  жаңа форматтарды қолдану – кітапхана қызметінің сапасын арттырып, оқырман санын толықтырып, мәдени деңгейінің көтерілуіне тиімді әсер етеді. Осыған орай  қатысушыларға «Кітапхананың жаңа келбеті: ТАРТУ! ҚЫЗЫҚТЫРУ! ТАҢДАНДЫРУ!» тақырыбында шеберлік зертхана өткізілді.     «Майндмэппинг», «Библиодартс»,  «Лингвистикалық аркада»,  «Перформативті театрландырылған оқу» сынды бірнеше жаңа формалармен  танысқан    қатысушылар «Шалқан»  ертегісін «Буксейшн» формасында өздері өткізіп  көрді.  Топтарға бөлінген қатысушылар комедия,  драма, балет,  қорқынышты оқиғалар фильмі жанрлары бойынша  импровизациялық ойын, театрландырылған көрініс көрсете отырып, шығарманы талғаммен жеткізе білді.

Сондай-ақ,  ақпараттық-библиографиялық орталық қызметкерері  семинар-практикумда «2024 ЖЫЛҒЫ АТАУЛЫ ТҰЛҒАЛАР, АТАУЛЫ КҮНДЕР» тақырыбында Шығыс Қазақстан облысы бойынша 2024 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесін таныстырды. Ұсынылған күнтізбеден өздеріне керек мәліметтерді түртіп алған қатысушылар бүгінгі күннен өздеріне қажетті ақпараттар ала алды.   

 

Share