«Кітап және сарбаз» атты сырлы сұхбат

«Кітап және сарбаз» атты сырлы сұхбат

Бүгін 23 сәуір – «Ұлттық кітап күні» аясында кітапхана қызметкерлері Өскемендегі «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты №5518 әскери бөлімінде «Кітап және сарбаз» атты сырлы сұхбат өткізді. Шара мақсаты – Отан алдындағы міндетін атқарып жүрген сарбаздардың оқу мәдениетін, зияткерлік және мәдени деңгейін дамыту. Кітапханашы осы атаулы күннің маңыздылығын түсіндіріп, кітап оқу қоғамның дамуына ықпал ететін маңызды қасиеттердің бірі екенін атап өтті. Жауынгерлер сүйікті авторлары және соңғы оқыған кітаптары туралы ойларымен бөлісті. Шара соңында Ұлы Жеңістің 80-жылдығына арналған кітап көрмесімен танысты.

 

Share