Кітап пен оқуды насихаттау бойынша П.П.Бажовтың 145-жылдығына арналған «Читаем Бажова вместе!» Халықаралық акция

ВИДЕОҒА СІЛТЕМЕ

ЕРЕЖЕ

Кітап пен оқуды насихаттау бойынша П.П.Бажовтың

145-жылдығына арналған «Читаем Бажова вместе!» Халықаралық акциясы туралы

  1. Жалпы ережелер

1.1. Қазақстан Республикасы, Өскемен қаласы ШҚО мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі   «Читаем Бажова вместе!»  (ары қарай – Акция) кітап пен оқуды дамыту бойынша Халықаралық акцияның ұйымдастырушысы болып табылады.

1.2. Осы Ереже Акцияның мақсатын, шарттарын және өткізу мерзімін айқындайды.

  1. Акцияның Мақсаты

2.1. Қазақстан мен Ресейдің өскелең ұрпағын елдердің мәдени-тарихи жақындығына негізделген рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиеге ықпал ететін классикалық балалар әдебиетімен таныстыру

2.2. П.П.Бажовтың ертегі мәтіндері жанрының ерекшеліктерін игеру, оларда құрылған аймақтық мәдени құндылықтардың негіздерін тұтас көрсеткен көркемдік әлемнің ерекшелігін түсіну.

2.3 Балалар мен жасөспірімдердің оқуын ілгерілету, кітапхана мамандарының кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша Қазақстан мен Ресей кітапханалары жұмысының тиімді нысандары мен әдістерімен алмасу.

  1. Акцияны өткізу шарттары, мерзімі мен тәртібі

3.1. Акцияға қатысушылардың мақсатты аудиториясы: 10-15 жас аралығындағы балалар және жеткіншектер

3.2. Акцияны өткізу мерзімі: ақпан – сәуір 2024 жыл.

3.3. Акцияны өткізу тәртібі.

Акцияға қатысушылар үшін таңдау ұсынылады:

  1. «Буклук» форматында фотожұмыс (Буклук – кітаптың сюжетін жеткізу мақсатында әр түрлі атрибуттармен және декор элементтерімен толықтырылған кітап натюрморты)

Шығармашылық жұмыс мерейтойлық жазушының ертегілеріне фотосурет арқылы назар аударуды қамтиды.

Қатысушылар П.П.Бажовтың кез келген ертегісін таңдап алады, композиция жасап, фотосуретке түсіреді.

  • Сайысқа тек өздері дайындаған, безендірген фотосуреттер қабылданады.

Фотожұмысқа қойылатын техникалық талаптар:

Фото жұмыс кез-келген қосымша атрибуттарды қолдана отырып жасалуы мүмкін (кітаптар, ойыншықтар, тұрмыста қолданылатын заттар және тағы да басқалары);

фотоның сапасы  –1024×768 пиксельден кем емес.

  1. «Reels» форматында видео құру (Reels – эффектілері мен дыбысы бар 30-60 секундтық тігінен түсірілген бейнеролик).

Қатысушыларға П.П.Бажовтың бір немесе бірнеше ертегілерінің жарнамалық ролигін оқуға шақыра отырып жазу ұсынылады. Үлкен әсер ету үшін қатысушылар 3-5 адамнан тұратын топтарға біріге алады (міндетті емес, өз қалаулары бойынша).

Reels-ке қойылатын техникалық талаптар:

– ұзақтығы: 60 секундқа дейін.

– бағдар: портрет (толық экран).

– арақатынасы мен ажыратымдылығы: 9:16 — ұсынылған ажыратымдылық 1080 x 1920.

– файлдың көлемі: 4 ГБ артық емес;

 -акцияның тақырыбына сәйкестігі;

– тұжырымдамалық идея;

– дизайнның өзіндік ерекшелігі мен эстетикасы;

– жұмыстың құрамы мен сапасы.

Роликтер Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының Telegram-каналында орналастырылатын болады –  https://t.me/vkolibrary/

Қатысушылар міндетті түрде Сауалнаманы толтыруы қажет (1 Қосымшаны қара)

 

  1. Акцияны қорытындылау

4.1. Акцияны қорытындылау 30 сәуірде Астана уақыты бойынша сағат 13.00-де онлайн-тәртібінде өтеді, оған қатысушылардың барлығы шақырылады.

4.2. Акцияға қатысушылар аймақаралық Акция сертификаттарын алады.

4.3. Акция қорытындысы туралы ақпарат ШҚО мәдениет басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» КММ ұйымдастырушысының сайтында орналастырылады https://shqolibrary.kz/, сондай-ақ Telegram желісінде  https://t.me/vkolibrary/

  1. Келіп түскен жұмыстарды пайдалану құқығы.

5.1. Қатысушылар өздерінің акцияға қатысуымен оның ұйымдастырушыларына өз жұмыстарын авторлық сыйақы төлемей автордың аты-жөнін келесі тәсілдермен міндетті түрде көрсете отырып пайдалануға келісім береді:

– келіп түскен жұмыстар, бейнематериалдар Кітапхана сайтында www.shqolibrary.kz, Facebook әлеуметтік желісінде https://www.facebook.com/shqolibrary жарияланады

– көрмелерде және басқа да көпшілік іс-шараларда көрсету;

– жинақтарда, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында коммерциялық емес негізде жариялау.

 

МАҢЫЗДЫ!!!

Акция аясындағы жұмыстар  «Читаем Бажова вместе!» белгісімен

odyub_konkurs@mail.ru

  электрондық поштада қабылданады

1 Қосымша

  

Кітап пен оқуды насихаттау бойынша П.П.Бажовтың

145-жылдығына арналған «Читаем Бажова вместе!» Халықаралық акцияның Сауалнамасы

 

Қатысушының аты-жөні  (толық)
Жасы
Оқу орны/жұмыс орны, лауазымы
Мемлекеттің, қаланың, ауылдың атауы
Қатысушы оқырман болып саналатын кітапхананың толық ресми атауы  

 

Сайыс жұмысының атауы
Шығарма атауы
 Мекен-жайы, телефоны, электрондық пошта

 

 

Маған қатысты жеке деректерді Қазақстан Республикасы заңына сәйкес өңдеуге, пайдалануға және таратуға өз келісімімді беремін.

Акция бойынша барлық сұрақтарды   e-mail: odyub_konkurs@mail.ru   электрондық поштасына жолдаңыздар.

Тел.: (7232) 75-44-36 ШҚ ОБЖК әдістемелік орталығы,

Байланысушы тұлға: Устинова Тамара Владимировна – инновациялық-әдістемелік орталығының жетекшісі (WhatsApp +77051860955)

Share