«Кітап Stile» жастар студиясының студенттеріне өмірдің құндылығын түсіндіру, өзін-өзі бағалауға, өмірлік мақсат қоюға мотивация беру, өмірге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Өмір қымбатсың маған!» тақырыбы аясында психологиялық тренинг өткізілді.
Тренинг өмірге деген көзқарасты айқындауға көмектесетін «Өмірлік символ» сұрақ-жауабымен басталды. Сондай-ақ шара барысында «Өмір баспалдағы», «Менің болашақтағы өмірім» арттерапия, «Жақсы қасиеттерім» тапсырмалары орындалды. Ол «Өмір» құндылықтарының мәнін ашу арқылы адам өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейтуге бағытталды.