Көк байрақтай – көк жейде

Құмар, Нұрлан. Көк байрақтай – көк жейде / Н. Құмар. – Алматы : Өнер, 2022. – 376 б. 

Нұрлан Құмардың «Көк байрақтай – көк жейде» атты кітабы екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімде: «Құмырсқа жүгіреді жұмысқа», «Мақалдың қасиеті», «Бір құшақ қиял», «Ғибадаттың ғажабы» сияқты сиқыр әлемнің сырын ұғынтуға ұмтылдыратын әңгімелер, ал екінші бөлімде: «Жеңіс пен жеміс түбі – сабыр», «Сәлем – сөздің анасы», «Тасбақа неге тас арқалайды?», «Үкі неге түнде ұйықтамайды?» деген қиял-ғажайып ертегілер шоғыры берілген. Кітаптағы әрбір әңгіме әдептілікті, әрбір ертегі ерлікті, мейірбандылық пен бауырмал достықты алдыға тартады. Ендеше, зер салып оқып шықсаңыздар – үлгі-өнегенің өлкесіне қанат жайып, кемел өмір кемесінде жүзе білесіздер.

Share