Көше балалары

Баймұхаметов, Айгиз. Көше балалары : башқұрт тілінен ауд. / А. Баймұхаметов ; пер. С. Қамшыгер. – Алматы : Самға, 2020.

 Осыған дейін жетім балалардың аянышты тағдыры жайлы «Тастамашы, ана», «Ертегісіз өткен балалық» кітаптарымен оқырманның көзайымына айналған башқұрт жазушысының «Көше балалары» кітабында ата-ана жылуынан мақұрым қалған, әлеуметтік ортадан өз орнын таба алмаған, қаңғырып жүріп күн кешкен көше балаларының басынан өткен сан қилы азап-қорлықтары мен жабайы тұрмысы қарапайым тілмен баяндалған. Автор көшеде жүрген қаңғыбас балалар тақырыбын бірнеше жыл зерттеп, сондай балалармен сөйлесіп, тілдесіп барып, олардың өмірін, сан қилы тағдырларын саралап, зерделеп барып осы шығармасын жазған. Барша оқырманға арналады.

Share