«КITAPstyle» студиясы

«КITAPstyle» студиясының басты мақсаты студенттер үйіндегі жастардың бос уақыттарын тиімді өткізуге ықпал жасай отырып, оқу мәдениетін қалыптастырып, олардың білімге құлшыныстарын арттыру, кітап оқуды ұсыну. Сондай-ақ жастармен бірлесе әр түрлі форматта мәдени іс-шаралар өткізу.
Ұстаным: Білімді жас тұлға ретінде қалыптасу үшін кітаппен дос болу маңызды. Бәсекеге қабілетті жастар міндетті түрде кітап оқуды өздерінің тұрақты әдетіне айналдыруы тиіс.

Мақсаты: Жастардың бос уақыттарын тиімді өткізуге ықпал жасай отырып, оқу мәдениетін қалыптастырып, олардың білімге құлшыныстарын арттыру, кітап оқуды ұсыну.

Міндеті:Жауапты  бастамашы және әлеуметтік құзыретті  азамат қалыптастыру. Жастармен  бірлесе  әр түрлі форматтағы іс-шаралар жүргізу.


21.11.2025

Әдебиет әлеміне ашылған есік: Ел арасында кеңінен танылған «100 кітап» жобасы «KITAP style» студиясында жаңа мазмұнмен жалғасуда. Қатысушылар таңдаулы жүз кітаптың ішінен оқырман жүрегіне жол тапқан «Сарра», «Жабайы алма», «Ақ білек» сынды шығармалармен жақынырақ танысып, «Пазл», «Сұрақтар шеңбері» сияқты шығармашылық тапсырмаларды орындады.


05.11.2025

5 қараша күні студияның жайлы атмосферасында Ж. Нәжімеденовтің «Кішкентай» романына арналған кездесу өтті. Қатысушылар шығарманы үзіндімен оқу арқылы тыңдап, негізгі эпизодтарды талқылап, кейіпкерлер туралы өз ойларымен бөлісті.Балалық шақ, адамгершілік құндылықтар, Отанға деген сүйіспеншілік және адам рухының күші туралы әңгіме шабыттандырарлық диалогқа ұласты. Студенттер жанрлық кітаптарға ерекше қызығушылық танытып, кездесуден кейін оқуға ниеттенген шығармаларын таңдады.

 


15.06.2025

15 маусымда «KITAPstyle» жастар студиясының студенттеріне  өмірдің құндылығын түсіндіру, өзін-өзі бағалауға, өмірлік мақсат қоюға мотивация беру, өмірге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Өмір қымбатсың маған!» тақырыбы аясында психологиялық тренинг өткізілді.

Тренинг өмірге деген көзқарасты айқындауға көмектесетін «Өмірлік символ»  сұрақ-жауабымен басталды. Сондай-ақ шара барысында  «Өмір баспалдағы», «Менің болашақтағы өмірім» арттерапия, «Жақсы қасиеттерім»  тапсырмалары орындалды. Ол «Өмір» құндылықтарының мәнін ашу арқылы адам өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейтуге бағытталды.


15.04.2025

15 сәуір – Ұлттық ғашықтар күні «KITAPstyle» жастар студиясының қатысушылары үшін «Махаббатпен жаратқан адамзатты…» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеде қазақ әдебиетіндегі көпшілікке танымал поэмалар, аңыздар, эпостар, сондай-ақ орыс және әлем классиктерінің шығармалары ұсынылды. Студенттер көрменің бөлімдерімен таныса отырып, түрлі тапсырмаларды орындады. «Қозы» мен «Баян»  атты топтарға бөлінген қатысушы жұптар «Махаббат және поэзия» бөлімінде ақын-жазушылардың жырларын мәнерлеп оқыса, «Махаббат туралы жұмбақтар мен сұрақтар» бөлімінде  аталмыш тақырыпқа байланысты  жазылған шығармаларды атады. Ал  «Кинорум» бөлімінде мөлдір махаббатың символына айналған «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» кинофильмінен үзіндіні тамашалады.

Шара соңында қатысушылар караокеде Ш. Қалдаяқовтың «Бақыт құшағында» атты әнін шырқады.


14.02.2025

14 ақпанда ұйымдастырылған көрмені «KITAPstyle» студиясының тұрақты оқырмандары тамашалады, ол студенттерге әйгілі және жаңадан шыққан авторлардың жаңа кітаптарымен танысуға ерекше мүмкіндік берді. Қатысушылар жанрлар мен тақырыптарды үлкен ынтамен зерттеп, алған әсерлерімен бөлісті. Кітапханашы сұрақтарға ықыласпен жауап беріп, қосымша кітаптарды ұсынды, бұл оқырманның ой-өрісін кеңейтуге септігін тигізді.


30.01.2025

30 қаңтар күні «Сыбайлас жемқорлық – әлеуметтік індет» іс-шарасы аясында студенттерге құқықтық сауаттылықты арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мақсатында таныстыру көрмесі ұйымдастырылды. Қатысушылар нормативтік-құқықтық база, интерактивті материалдар мен сыбайлас жемқорлық көріністері туралы статистикалық деректермен танысуға мүмкіндік алды. Көрме студенттердің қызығушылығын оятып, адал әрі әділ қоғам құрудағы жеке жауапкершіліктің маңызын түсінуге ықпал етті.

Share