Медведева Любовь Георгиевна

Медведева Любовь Георгиевна (1952 ж.) – ақын, Петровск ғылым және өнер академиясының мүше-корреспонденті, Ресей жазушылар одағының мүшесі.

1952 жылы 26 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. Педагогикалық институтты бітірген соң, мектепте, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті кітапханасында еңбек етті.

Әдеби-шығармашылық бірлестіктердің жетекшісі, теле- және радиохабарлар авторы және жүргізушісі.

Өңірлік және республикалық баспа басылымдарында жарияланады.

1995 жылы облыстық радиода «Крылья» радиоклубын құрды. Облыстық Өнер мұражайының «Литера» шығармашылық бірлестігін құрды (1996), Орталық қалалық кітапхананың «Феникс» әдеби бірлестігінің басшысы.

«Сокровенное солнце», «Камнепад», «Лиловое пламя», «Неожиданный праздник», «Письма на лепестках сна», «Родина дождей», «Огонь души моей», «Речная речь», «Тайна просветов», «Вселенная дышит» жыр жинақтарының авторы.

Л. Г. Медведеваның өлеңдеріне Савченко, О. Ястребов, Н. Мельникова, Е. Яценко, И. Утешев, В. Кокшенев, С. Трошкин ән жазған.

 

Әдебиеттер тізімі:

Детская литература [Текст]: учеб. пособие для уч-ся школьных отд-ний пед. уч-щ / ред. А. В. Терновский. – М.: Просвещение, 1977. – 431 с.: цв. ил., рис. – Указ.: с. 421-429.

Литература Восточного Казахстана.  История и современность [Текст]: учеб. пособие. Вып.1. – Усть-Каменогорск, 2004. – С. 222-231.

Звено Алтая [Текст]: литературно-художественный альманах / ред. И. Агоров. – Усть-Каменогорск: Медиа-Альянс, 2008. – 222 с. : [16] с. ил.

Share