«Мейірімді сөздер күні»

«Мейірімді сөздер күні»

Өскемен қаласының №14 мектеп-балабақша кешенінде 3 және 4сынып оқушылары үшін іс-шара өткізілді. Ол Наурыз мейрамына арналды, ал
балаларға қонаққа Айсұлу келді. Ол балаларға «Наурыз және жылан» ертегісін оқып, Наурыздың бақыт пен байлық әкелетіні жайлы айтып берді.
Келесі кезекте балалар шеңбер бойымен «жылы жүрек» ойынын
ойнап, бір-біріне жақсы тілектер айтты. Мерекеде түрлі ойындар ұйымдастырылды:«Гүлдер биін» биледі, наурыз-көже құрамын тапты, «Қуанышты шапалақтар» және «Тиындарды
жинау» ойындарын ойнады. «Моншақты жина» топтық сайыста балалар бірлесе жұмыс істеп, топтық рухтарын көрсетті.
Іс-шара соңында балалар шашудың тәттілерінен дәм татып, Айсұлу
оларға ағылшын және қазақ тілдеріндегі кітаптар сыйлады. Бұл мереке балалар үшін есте қаларлықтай, достық атмосферасын нығайтып, Наурыздың рухын сезінуге
мүмкіндік берді.
Share