С. Аманжолов атындағы ШҚ университетінің Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра басшысы полковник Кемелбаев Қанат Мұхамедуалиұлы кітапханамызда қонақ болды.
«Мемлекетті айбынды әскер қорғайды» атты тақырыбында Қанат Мұхамедуалиұлы кездесу ұйымдастырылды. Оған қаламыздағы № 5 мектептің 9 сынып оқушылары мен КЭФ колледж студеттері қатысты. Шарада кафедраға түсу бойынша ақпараттар айтылды. Отанды қорғау, патриот болу, отанды сүю туралы мотивациялық әдістермен бөлісті.