“Менің кішкентай Отаным” ойын сағаты

“Менің кішкентай Отаным” ойын сағаты

Бүгін кітапхана қызметкерлері “Қ.Нұрғалиев атындағы №43 мектеп-лицейі” КММ 4”В”-сынып оқушыларымен “Менің кішкентай Отаным” атты ойын сағатын өткізді. Шарада оқушылар өз Отандары жайлы сұрақтарға толық, мағыналы жауап беріп, ойларын айтты. “Мен елімнің азаматымын” ойыны арқылы қазақ халқының ұлттық құндылықтарымен танысса, “Жұмбақты тап!”, “Пазлды құрастыр” ойындарында зейіндерін арттырып, патриоттық сезімдерін қалыптастыруға ықпал етті.

Share